Архив за Февраль 2008

Жанарсыз жандардың зар-мұңы

Февраль 8, 2008

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 1 млн. 220 мыңнан астам көз ауруына шалдыққан зағип жандар бар екен. Ал соның ішінде 550 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Жанары суалған жандардың бүгінгі хал-ахуалы сын көтермейді. Жұмыссыз, баспансыз жүрген зағиптарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек те шамалы.

Түйеқұс Қазақстанға да жат емес

Февраль 8, 2008

Түйеқұстың түп-төркіні Африка құрлығы болса да, бертін келе оларды Таяу Шығыс, Ирак, Иран, Араб елдеріне алып келінген. Ал осыдан 7 жыл бұрын бұл құсты Қазақстанға әкелініп, жерсіндіріле бастады. Африка түйеқұсының бойы – 270 см, салмағы – 175 келі. Түйеқұстың көздері құрлықты мекендейтін құс-жануар атаулының көздерінен үлкен болып келеді: диаметрі - 5 см, ал екі көзінің салмағы түйеқұстың миының салмағынан асады.

«Қара алтын» қуғандардың қырсығы

Февраль 8, 2008

Бүгінде Қазақстанда шоғырланған ірі мұнай компаниялары экологияға үлкен зардабын келтіруде. Мамандардың айтуынша, экологияға нұқсан келтіретін зардаптың 90 пайызы мұнай өндіретін компаниялардың үлесіне тиеді екен. Алайда сол алпауыт компаниялар әлі күнге дейін елдің табиғат заңдарын жиі бұзатын көрінеді.

Осы жұрт волонтерді біле ме екен?

Февраль 8, 2008

«Волонтер» сөзінің мағынасына көп адамдар назар аудара бермейтін сияқты. Волонтерды тікелей қазақшалағанда – қайырымпаз деген мағынаны береді. Бір сөзбен ерікті деп те айтуға болады. Яғни, бұл дегеніміз, ешкімнен істеген ісіне ақы талап етпейтін, өз еркімен, ешкімнің күштеуінсіз қоғамда әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсететін жан.

Қазақ халқының құсбегілік өнері

Февраль 8, 2008

Аңшылықтың қадырын, аң ауласаң білерсің. Саятшылық қадырын, құс баптасаң білерсің. Құсбегі деп бірнеше құстың тілін біліп, бабын табатын адамды айтады. Ал саятшылық қазаққа атадан қалған өнер. Сол секілді ат жаратып, құс баптаған да ата аманаты.

Журналист және қоғам

Февраль 8, 2008

Журналистиканы қоғамның тірегі, жаңалықтың жүрегі деп айтуға әбден негіз бар. Қолына қаламын ұстап, диктофонын арқалап жүрген бұл мамандық иелерін «төртінші биліктің» өкілдеріне жатқызып жатады. Халықтың көзі, һәм тілі болып отырған әмбебап қызметтің иесі тағы да сол журналист.